Жұмыс станцияларында Kaspersky Endpoint Security for Windows интерфейсіне қатынасуды конфигурациялау

Егер ұйымның желісіндегі антивирустық қорғанысты Kaspersky Security Center арқылы орталықтан басқару қажет болса, Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатының сипаттарындағы интерфейс параметрлерін төменде сипатталғандай көрсетіңіз. Нәтижесінде, сіз жұмыс станцияларында Kaspersky Endpoint Security for Windows бағдарламасына рұқсатсыз қатынасуға және Kaspersky Endpoint Security for Windows параметрлерін өзгертуге жол бермейсіз.

Осы саясат параметрлерінің сипаттамасын Kaspersky Endpoint Security for Windows құжаттамасынан қараңыз.

Ұсынылатын интерфейс параметрлерін белгілеу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Құрылғылар → Саясат және профильдер бөліміне өтіңіз.
  2. Kaspersky Endpoint Security for Windows саясатын басыңыз.

    Таңдалған саясаттың сипаттар терезесі ашылады.

  3. Саясат сипаттарында Бағдарлама параметрлеріЖалпы параметрлерИнтерфейс бөліміне өтіңіз.
  4. Пайдаланушымен өзара әрекеттесу блогында Интерфейссіз параметрін таңдаңыз. Жұмыс станцияларында Kaspersky Endpoint Security for Windows пайдаланушы интерфейсін көрсету өшіріледі және олардың пайдаланушылары Kaspersky Endpoint Security for Windows параметрлерін өзгерте алмайды.
  5. Құпиясөзбен қорғауды қосу блогында қосқышты қосыңыз. Бұл әрекет, жұмыс станцияларында Kaspersky Endpoint Security for Windows параметрлерін рұқсатсыз немесе байқаусызда өзгерту қаупін азайтады.

Kaspersky Endpoint Security for Windows интерфейсінің ұсынылған параметрлері белгіленген.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу